Алматы облысында сотталған әйелдер мерекені атап өтті

Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №10 мекемесінде, Кәсіби техникалық колледждың қолдауымен, Қазақстан Республикасының «Республика күніне» орай ақпараттық іс шара өткізілді.

Мерекелік іс шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты түрде ашылды.

Жазаларын өтеп жатқан сотталған әйелдер Республика күнінің тарихы жайлы бейне ролик көріп, патриоттық әндер мен өлең жолдарын оқыды.

Сонымен қатар, сотталған әйелдер интеллектуалдық ойынға қатысты. Ойынның мақсаты — Қазақстан Республикасының тарихы мен әдебиет бойынша, архитектура мен көркем шығармалары бойынша жауап беру. Іс шараның соңында мекеме әкімшілігі ойынның жеңімпаздарын анықтап, барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.

Осындай іс шаралар сотталғандардың патриоттық сезімін оятып, болашаққа деген үмітін арттырады.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...