Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесінің кадр қызметі Алматы облысы Кеген ауданының білім басқармасымен бірлесіп ауданның 14 мектебінің 11-сынып түлектерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты-болашақ түлектер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы, оларды Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында жоғары білім алу мүмкіндіктері және қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет туралы хабардар ету.
Кездесу аясында оқушыларға Құқық қорғау органдарындағы жұмыс ерекшеліктері, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар, оқу шарттары және одан әрі мансаптық өсу туралы баяндайтын бейнеролик көрсетілді.
Жоғары сынып оқушылары қызығушылық танытып, қабылдау ережелері, қажетті құжаттар, қызмет өткеру шарттары туралы сұрақтар қойды. Мекеме өкілдері оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға Кеген ауданының 200-ден астам оқушысы қатысты.