Алматы облысында облысаралық жолаушы тасымалы бағыттары жанданды

Бүгін Алматы облысында облысаралық бағыттар бойынша жолаушы тасымалы жанданды. Ал облыс ішілік ауданаралық бағыттар кеше іске кірісті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталмыш бағыт кестелері сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі уақытқа белгіленген. Ал түнгі рейстер еліміздегі төтенше жағдай режиміне аяқталғанға дейін әзірге жүрмейді.
Сонымен қатар бүгіннен Алматы қаласы маңындағы маршруттар да қайта жүре бастады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр...

Тіл-халық қазынасы

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын...