Алматы облысында мекемедерде ЖҚТБ мен күрес

Жақында «Реванш әлеуметтік қолдау қоры» қоғамдық қорының қызметкерлері Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінің қолдауымен сотталғандармен кездесу өткізді.

Қоғамдық белсенділердің сапары сотталғандар арасында үлкен қызығушылық тудырды, өйткені ЖҚТБ және осы ауруды емдеу әдістері тақырыбы өзекті болып табылады.

Кездесу барысында, қор өкілдері сотталғандармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, АРВТ-препараттарын қабылдамайтын ЖҚТБ-статусы бар сотталғандармен профилактикалық әңгімелерге ерекше назар аударылды. 

«Реванш әлеуметтік қолдау қоры» ҚҚ қызметкерлері де бұл акцияны алдағы уақытта тұрақты негізде өткізетіндіктерін жеткізді.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...