Алматы облысында мүгедекке шабуыл жасаған ауыл әкімі жазаланды

Елді дүрліктірген оқиға Алматы облысы Панфилов ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға ауыл белсендісі Болат Жәкішев жүгінген. 64 жастағы ер адамның айтуынша, әкім оны балағаттап, шабуылдаған. Бұл оқиға ауыл басшысының жергілікті халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесуінде болған.

Ауызша кикілжің екі ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан екінші топтағы мүгедек жергілікті белсенді зардап шегіп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Нәтижесінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шаловқа «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 30 630 теңге айыппұл салынды. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті мен Талғар ауданының әкімдігі ресми түрде растады.

Tengrinews тілшісі ауылдық округ әкіміне хабарласып, жанжалдың мән-жайын білді.

«Айыппұл тек маған ғана емес, белсендіге де салынды. Мен қазір қандай да бір себептермен оқиғаның жәй-жапсарын айта алмаймын», — деді Серік Шалов.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...