12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі талқыланды

Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі бүгін  облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың аудан, қала әкімдерімен, ірі шаруашылық жетекшілерімен өткізген селекторлық кеңесте  талқыланды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Коюмчан Омаров шаруашылықтардың тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен, қаржылай қолдаумен қамтылуын баяндады. Сол сияқты суару жүйесінің, ауыл шаруашылығы техникаларының қазіргі жағдайына да тоқталды.

Жалпы биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 973,6 мың гектар болмақ. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4  мың гектарға ұлғаяды деген сөз. Минералды тыңайтқыштарға биыл жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам субсидия бөлінген, 43,7 мың тонна тыңайтқыш қолдану жоспарда. Дегенмен тыңайтқыш бағасының екі есеге өсіп кеткені  шаруашылықтарға қиындық туғызуда. Жауын-шашынның, қардың аздығы биыл да дихандарға ауыртпашылық салмақ.  «ҚазГидрометтің»  болжамында облыста ылғал жинақтау кезеңінде жауын-шашын орта есеппен 16-38%-ға азайған, ал облыс тауларында қар қоры орташа алғанда 24-47%-ға аз.  Облыстағы суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың тозуынан каналдардағы су шығыны да артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін облыстың 16 ауданындағы 113,8 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру үшін суару желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары Ақсу, Ескелді, Қарасай аудандарында және Талдықорған қаласында, қосымша Ислам даму банкінің қаражатымен 2 ауданда жүргізілуде.

Ирригациялық желілерді қалпына келтіру мен проблемаларына «Қазсушар» РМК Алматы филиалы директоры Саят Құдайбергенов тоқталды. 

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев су қорын үнемді тиімді пайдалану үшін аграрлық шаруашылықтар ылғал сақтау технологиясына көшуі тиіс екенін айтты. Жалпы облыста 20,7 мың гектардан астам жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылған, яғни өңірде ресурстық технологияны қолдану деңгейі 4,7% ғана.

Жиында облыстағы ауыл шаруашылығы техникаларының жағдайы да сөз болды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарына тартылатын 32,9 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен тіркеме агрегаттарының дайындығы — 94,1%.

— Техникаларды жаңартуға бағытталған облыста арнайы бағдарлама әзірлейміз. Бұл бізге аудан, қалалардағы МТС-тардың ахуалын айқын көрсетіп береді. Осы сараптау қорытындысына сәйкес аграрлық шаруашылықтардың мүмкіндіктеріне қарай техника сатып алудың несие, заём, лизинг сияқты қаржыландыру көздерін нақтылайтын боламыз. Сол сияқты облыстағы су шаруашылықтарымен айналысатын арнайы мекеме құрылады, ол өз міндетіне сай тиісті жұмыстарды атқаратын болады, — деді Қ.Бозымбаев.

Көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Жиында сөз алған «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ директоры П.Княжевтың айтуынша қаржы ұйымына 264 млн. теңгеге 29 өтініш келіп түскен, соның 165 млн. теңге болатын 19-ы мақұланды. Тағы 9 өтініш қарастырылу үстінде. 

 Ақсу, Сарқан, Балқаш, Көксу, Панфилов аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері мен ірі шаруашылық жетекшілерінің пікірлерін тыңдаған облыс әкімі селекторлық кеңес қорытындысында егін егу науқанын оңтайлы агромерзімде уақытылы өткізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді:

— Көктемгі дала жұмыстарына дайындық  — барлық аудан, қала әкімдерінің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бүгінгі айтылған суару жүйелерін қайта жаңғырту, су қоймаларын салу, су тарифін, минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағар май бағасын реттеу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту сияқты мәселелерді бір-ақ күнде шешу мүмкін емес. Бірақ нақты жоспар жасап, кезең-кезеңімен қаржыландыра отырып шешуге болады. Осы орайда егіс алқаптарында суды үнемдеу және ылғал сақтау технологияларын енгізу жұмыстарына ерекше мән беру керек. Кепілдендірілген дизель отынын жеткізудің бекітілген кестесіне сәйкес жанар-жағармайды уақытылы жеткізуді және машина-трактор паркін жаңарту мәселелерін бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін несие беру жандандырылып, қаражаттың игерілуі қамтамасыз етілсін. Суармалы суды уақтылы беру үшін суару арналары мен су шаруашылығы құрылыстарын дайындау шаралары қабылдансын. Бұл жұмыстар жоғары өнім алуға ықпал етеді деп санаймын, — деді Қ. Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...