12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында хирургтер қоғамының ғылыми-тәжірибелік кезекті көшпелі отырысы өтті

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақстандық хирургтер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы және Алматы облысы хирургтер қоғамының ғылыми-тәжірибелік кезекті көшпелі отырысы өтті.
Жиын профессор, медицина ғылымының докторы, ҚР ҰҒА академигі, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы АҚ басқарма төрағасы Баймаханов Болатбек Бимендіұлы мен медицина ғылымының докторы, профессор, «Қазақстандық хирургтер қоғамы»республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сейсембаев Манас Ахмеджарұлының қатысуымен өтті.
Танымал хирургтер мен білікті мамандардың қатысуымен өткен ғылыми-тәжірибелік отырыста аудандық аурухананың бас дәрігері Айдын Молдашұлы Елікбаев іс-шараның маңыздылығын айтты. Бас дәрігер ғылыми-тәжірибелік кезекті көшпелі отырыстың мақсаты хирургия саласындағы жаңашылдықты меңгеру, заманауи операциялардың жасалу әдісі, білікті мамандармен тәжірибе алмасу және хирургтердің ғылыми дәлелденген жұмыстарының нәтижесімен танысу екенін атап өтті.
Хирургтер жиынында «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы жағдайында өт тас ауруы кезінде аз инвазивті жедел емдеу әдістерін енгізу», «Қауіпсіз холецистэктомия. Холецистэктомия кезінде өт жолдарының зақымдалу тактикасы», «Асқазан-ішектен қан кету, эндоскопияның рөлі» және «Дренажды-зондты қамтамасыз ету» тақырыптарында білікті дәрігерлер баяндама жасады.
Іс-шараға хирургтер, ангиохирургтер қатысып, тыңдалған баяндамаларды талқылады.

Министерство промышленности и строительства продолжает ускорять цифровую трансформацию отрасли

12 декабря в Астане прошла рабочая встреча заместителя Премьер-Министра...

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді жалғастыруда

12 желтоқсанда Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және...

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік...

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 68%-ға өсті

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023...

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын...