12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында ер азамат көрші баланы ұрып, артынша зорлаған

Алматы облысында ер азамат көршісінің баласын ұрып соғып, артынша зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәліметі.

«Сотталушы Н. 2020 жылдың наурыз айының 7 жұлдызы алкогольдік масаң күйде, өзінің сексуалдық сипаттағы нәпсіқұмарлық ойын жүзеге асыру мақсатымен өзінің көршісі, көрінеу жас бала С.-ты қарсыласқанына қарамастан ұрлап алып, ешкім көрмейтін және тоқтата алмайтындай жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, жұдырықтарымен ұрып – соғып соққыға жыққан. Жас баланың есінен танып, дәрменсіз күйде болғанын пайдалынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық  пен зорлау қылмыстарын жасаған», — делінген ресми хабарламада.

Сотталушы тағылған айыпты мойындапты. Прокурор күдіктіні өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің жауабымен, сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижесімен дәлелденді.

«Сот, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағымен, 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуді тағайындады», — деп қосты сот өкілдері.

Үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...