Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде өндіріс орындарын және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында кәсіпкерлер үшін» Ашық есік күні » өткізілді.

ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибовтың басшылығымен іс-шараға СЕҰТ бас маманы Сандуғаш Ереулиева, Заречный ауылдық округі әкімінің орынбасары Қанат Жолболдин, «Еңбек-Жауғашты» ФГП директорының орынбасары, Кәсіпкерлер палатасы мен «Атамекен» өкілдері, облыс әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпкерлері қатысты.

Бизнесмендер үшін жұмыс істеп тұрған объектілер мен бос үй-жайларды аралау, сондай-ақ мекемелер аумағында өндірілетін өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Өнеркәсіптік аймақтарды аралағаннан кейін №10 мекеме базасында дөңгелек үстел өткізілді.

«Бүгінгі таңда мекемелер аумағында 30-дан астам бизнес нысандары жұмыс істейді.
Осындай іс — шараларды өткізу күндері әрбір адам өндірістің сапасы мен мүмкіндіктерін жеке бағалай алуы үшін мекеме аумағының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары дайындаған дайын өнімнің көрмесі ұйымдастырылады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...