Алматы облысы бойынша сотталғандар арасында  әзіл күніне арналған карикатура байқауы ұйымдастырылды

Әзіл күні қарсаңында  Алматы облысы бойынша ЛА 155/8 мекемесінің сотталғандар арасындағы  инспектор психолог Н.Ошыбаеваның ұйымдастыруымен әзіл күніне арналған «Әзіл–қалжың және байыпты» байқауы өткізілді.

Байқау психологиялық қолдауды күшейтуге және психологиялық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған. Байқауға карикатура техникасы бойынша жұмыс істеген 5 сотталушы қатысты.

Карикатура — шығарма кейіпкерлері сатиралық немесе юморлық формада суреттелетін бейнелеу өнерінің жанры.

Байқауға сотталғандар Сарсенбаев А.А, Ахметолдин А.К белсене қатысып,олар қылмыстық жазасын өтеу кезінде болып жатқан оқиғаларға юморлық көзқарастарын көрсетті.

Байқау соңында  сотталғандар белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...