Алматы облысы қалай бөлінетіні белгілі болды

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс қалай бөлінетінін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Талдықорғанда Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жоргенбаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібіне төрт мәселе қаралған. Оның ішінде бүгінде өзекті болып отырған мәселе — Жетісу облысын құру арқылы Алматы облысын бөлу. Осы мәселе бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев депутаттар алдында сөз сөйледі. 

«Алматы облысының орталығы Талдықорған және Жетісу облысының орталығы Қонаев қаласы болып бөлінуі екі өңір дамуына серпін береді. Құрылайын деп жатқан Жетісу облысының аймағына 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ болса, Алматы облысының құрамында 9 аудан, 1 қала мен 380 ауылдық округ болады. Біз Президенттің әкімшілік-аумақтық құрылым туралы Жарлығын қабылдау жөніндегі іс-қимыл алгоритмін дайындадық», — деді облыс әкімі. 

Бозымбаевтың сөзінше, облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды, оған облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың тиісті басшылары кірді. 

Еске салайық, 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынған болатын. 

«Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын.

Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын», — деген еді Президент. 

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.