Алматы музейі тонаудан қалай аман қалды?

Олардың айтуынша, жауынгерлер рухы тарихи құндылықтарды сақтауға көмектескен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, музей қызметкерлері тәртіпсіздіктер басталғаннан бері жұмыс орнында түнеген, өйткені олар құнды ескерткіштерді тонап кетеді деп қорыққан. Музей ғимараты шабуыл жасалып, өрт қойылған қалалық әкімдіктен небәрі 10 минуттық жерде орналасқан. Лаңкестер шынымен де, мұражайға ғұн және сақ жауынгерлері қылышы мен найзасын алу үшін басып кірген.

«Есіктердің бәрін жауып, бейнебақылау камераларынан қарап отырдық. Таңертеңгі сағат төрттер шамасында мұражайға бір топ адам жақындап келе жатқанын көрдік. Не істеу керек? Ойымда ешқандай жоспар жоқ. Кейін олар есікті бұзып кірді. Басында 6-7 адам кірді, артында 200 адам жиналып тұр. Оларға не айтқаным нақты есімде жоқ, бірақ мен оларды ештеңеге қол тигізбеуге көндіруге тырыстым, өйткені бұл ортақ тарих, оны жоғалтпау керек», — деді Бибігүл Дандығараева. 

Бибігүл Дандығараева оған ата-баба, жауынгерлер рухы көмектескеніне сенімді. Ол шабуылдаушыларды көндіріп, олар бірде-бір жәдігерге қол тигізбестен кетіп қалған.

«Басқа ғимараттар қалай бүлінгенін көргенде, мен шошып кеттім, қалай аман қалғанымызға әлі де таңғалам. Музейдің барлық қызметкеріне алғыс айтамын. Сол кезде мен байқамадым, бірақ кейін әріптестерім олардың қолында пышақ болғанын айтты», — деді Дандығараева.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, материалдық құндылықтарға қарағанда тарихи құндылықтарды қайтару мүмкін емес. Ол бұл әрекетіне өкінбейтінін айтты. Ол үшін ең бастысы мұраны болашақ ұрпаққа сақтау болған.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...