Алматы метросында пойыздың не себепті тоқтап қалғаны анықталды

Бүгін, 31 мамырда Алматы метросының Алмалы және Абай станцияларының арасында ішінде жолаушылары бар пойыздың не себепті тұрып қалғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі «Метрополитен» КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метрополитеннің мәліметінше, бүгін сағат 14:58-де Алмалы мен Абай станцияларының арасында жүргізуші борт құрал-жабдығының өрт дабылы датчиктерінің көрсеткіштеріне байланысты пойызды тоқтатқан.

Дабылдың жаңылыс іске қосылғанына көз жеткізген машинист көмекші пойыз сұраған. Соның күшімен пойыз Абай станциясына жеткізіліп, артынша депоға шығарылған.

Қазіргі уақытта құрал-жабдықтар іске қосылды, пойыз қалыпты жағдайда. Бақылау техникалық тексерістен және сынақтан өткеннен кейін пойыз желіге шығарылады.

Қозғалыс кестесінің бұзылуы 28 минутты құраған. Сағат 18:00-де пойыздардың жүру кестесі қалпына келтірілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы метросында жолаушылар мінген пойыз екі станция арасында 15 минут тұрып қалғанын жазған едік.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...