«Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуы: таза бағдаршамдар, аялдамалар мен көрсеткіштер

Мегаполисте 8 сәуірінен 8 мамырына дейін өтетін «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар бағдаршам объектілерін, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша бір ай ішінде Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері 480 бағдаршам, 1 765 аялдама павильонын ретке келтіріп, 300 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қала құрылысын бақылау және құрылыс басқармалары объектілерді құрылыс алаңдарының нормаларына сәйкес келтіру, атап айтқанда абаттандыру қағидалары мен санитарлық нормаларды сақтау бөлігінде жұмыс жүргізетін болады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:

АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...