Алматы апорты экспортқа дайындалуда

Қазақстанның ұлттық бренді саналатын Алматы апорты өнімдерінің экспорты ұлғаймақ. Бұл үшін Сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы мен Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы ынтымақтастық меморандумын жасады. Өйткені Берлинде өткен «Grüne Woche 2026» халықаралық көрмесінде еуропалықтардың апортқа деген қызығушылығы өте жоғары болды. Онда тек алма емес, одан жасалған өнімдер де шетелдіктердің назарына іліккен.

«Апорттың басты ерекшелігі оның табиғатында. Бұл жаппай өсірілетін, ұзақ сақтауға арналған сорт емес. Апорт ірі, дəмі қанық, хош иісі ерекше болып келеді. Біздің алма бақтар теңіз деңгейінен 850 метрден жоғары орналасқан. Алманың дəміне таулы аймақтың климаты əсер етеді»,– дейді Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы президенті Роман Сафаров. Оның айтуынша, қауымдастықа кіретін 8 шаруашылық жыл сайын 1,5-2 мың тонна өнім өндіреді. Əзірге экспорт көлемі аз болғанымен, жаңа меморандум тұрақты экспорт жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін болады. Германиядағы көрме апорттың ғана емес одан жасалған пастила, алма чипсы, шырын, сірке суы жəне кептірілген алманың экспорттық əлеуеті зор екенін көрсетті. QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаровтың сөзіне қарағанда, Алматы апорты географиялық көрсеткіш ретінде тіркелген. Бұл мəртебе оның табиғи ерекшелігін қорғайды.

Алматының тау бөктеріндегі топырақ, таза су жəне температура өнім сапасын қалыптастырады. Географиялық көрсеткіш брендті шетелде премиум өнім ретінде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Ұлттық статистика бюросының мəліметі бойынша, былтыр еліміздегі алма бақтары шаруашылығының барлық санаттарындағы аумағы 26 207,3 гектар болды. Оның 14142,9 гектары дара кəсіпкерлер жəне шаруа немесе фермер қожалықтарында; 6574,0 гектары ауыл шаруашылық кəсіпорындарында; 5490,4 гектары жұртшылық шаруашылықтарында болып отыр. Р е с п у б л и к а д а ғ ы алма бақтарының басым бөлігі Түркістан (13 432,8 га), Алматы (6 306,3 га), Жетісу (2 995,0 га) жəне Жамбыл (1 410,7 га) облыстарында орналасқан. Былтыр жиналған алманың көлемі 2051786,9 центнерді құрап, Түркістан (864 158,9), Алматы (558 976,0), Жетісу (252 653,2), Жамбыл (208 903,6) облыстары жоғары өнімділік көрсетті. Əйтсе де өнім түсімділігі республикада гектарына 83,9 центнер болса, бұл көрсеткіш жағынан Солтүстік Қазақстан (294,3), Павлодар (258,2), Шығыс Қазақстан (210,2), Ақтөбе (199,4) облыстары көшбасшы болып отыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...