Алматы алмасы ұлттық брендке айналуы мүмкін — Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында алматылық алманың ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы алмасы бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін. Өңір алма ғана емес басқа да бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарымен танымал. Бұл бағыт дұрыс дамыса, өңір бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ететін болады. Тіпті экспортқа шығып ұлттық брендке айналуы мүмкін», — деді Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қонаевтың Алматыға жақындығы да қолайлы факторлардың бірі.

«Бүгінде менің тапсырмам бойынша мегаполистің айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына ықпал етеді», — деп қосты Мемлекет басшысы.

Задержали зарплату: куда обращаться?

СВОЕВРЕМЕННАЯ И ПОЛНАЯ ВЫПЛАТА ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОБОЙ НЕ...

Рецидив преступлений

Рецидив – наиболее опасная форма множественности преступлений, так как...

Исполнительная надпись: как защитить права в суде

ЕСЛИ ДОЛЖНИК СВОЕВРЕМЕННО НАПРАВИЛ МОТИВИРОВАННОЕ ВОЗРАЖЕНИЕ, НОТАРИУС ОТМЕНЯЕТ ИСПОЛНИТЕЛЬНУЮ...

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...