Алматы қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА- 155/6 мекемесінде жазасын өтеуші жасөспірімдер аттестат алды

Орта мектепті бітіріп, аттестат алу – жасөспірімдер үшін үлкен өмір жолының жауапты кезеңі. 16-маусым еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихан тапсырып, қолдарына аттестат алды, ЛА-155/6 мекемесіндегі жазасын өтеуші жасөспірмдерде қатарларынан қалмай аттестат алды.

Салтанатты жиын еліміздің Әнұранымен басталды. Ортаға 11 сыныпты бітіруші түлектер сынып жетекшілерімен шықты.

ЛА-155/6 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Машимбаев Даурен Нурланович түзету мекемесі ішіндегі мектепті бітіріп жатқан жеткіншектерді мерекемен құттықтап, болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді. Мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Алмазова Людмила Васильевна мен Алиева Айзада Әбдімәдиқызы да лебізін жеткізіп қазақ 11-сыныпты бітірген 11-оқушыға, орыс бөлімінде 1-оқушы аттестат берді. Жалпы 12-жазасын өтеуші жасөспірім негізгі орта білім туралы аттестат алып, қуанышқа бөленді.

11-сыныпты бітірген 4-екіпінді оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шара салтанаты концерттік бағдарламамен және мектеп бітіруіне арналған салтанатты кеш кезінде аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырылды. Балалардың өздері темір торлы қоршауда жүрсе де, олардың асқақ армандары жазылған шарлар еш кедергісіз аспан әлеміне жол тартты.

ЛА-155/6 мекемесі Жеңісхан Еркегүл

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...