Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде
кәмелетке толмаған жасөспірім соталғандар арасында, 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті.

Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Іс шара Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Құмарова Шарайна Файзуллаевнамен бірлесіп өткізілді.

Кітапханшы қызметкерлер рәміздер күніне арналған, қызықты мәліметтер туралы сотталғандарға викториналық сұрақтар қойып, қызықты ойын өткізді. Сұрақтың дұрыс жауабын тапқан қатысушыларға кітаптар сыйлыққа таратылды.Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна кітапхана қызметкерлеріне мекеменің атынан алғыс білдірді. Болашақта да осындай жақсы мерекелік шаралардың жиі өтіп тұратынын айта кетті.

ЛА-155/6 мекемесі
Е.Жеңісхан

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...