Алматы қаласының Әдеп жөніндегі Кеңесінің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өткен кезекті отырысында қаланың мемлекеттік қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық мәселелері бойынша жүргізілген талдау нәтижелері, азаматтарды жеке қабылдау тәртібі мен оны ұйымдастыру, мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ полиция органдары ұсынатын қызметтердің сапасы мәселелері қаралды.
Барлық тыңдалған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен анықталған бұзушылықтарды жоюға және көрсетілген бағыттардағы жұмысты жақсартуға ықпал ететін ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, отырыста Кеңестің құзыретін ескере отырып, жекелеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің заңнама талаптарын бұзғаны үшін оларға қатысты тәртіптік істер қаралды. Әзірленген шешімдер мен ұсынымдар шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдардың атына жіберілді.
Отырысқа Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті және аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты.
Отырыс барысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Шығарылған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың атына кемшіліктерді жою және мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдар жіберді.