Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-те жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы, досым және әріптесім Біржан Кәрібжанов сот отырысынан шыққаннан кейін есінен танып қалған. Өкінішке орай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Ол небәрі 50 жаста еді», — деп жазды Жұмақанов.

Ол судья Біржан Кәрібжановтың Абай өлеңдерін оқып жатқан видеосын да бөлісті.

Tengrinews.kz редакциясы Біржан Кәрібжановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...