Алматы қалалық ҚХА №10 мекемесіндегі «Балалар үйіне» барды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің №10 мекемесіндегі «Балалар үйіне» Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келді.

Мекеме әкімшілігінің бастамасымен, Ассамблея өкілдері мен мүшелері «Балалар үйінде» тұратын сотталған әйелдердің балаларына «Бөтен балалар жоқ» ұранымен қайырымдылық акциясын өткізді.

Акциясы аясында балаларға арналған төсек, матрац, жастық, кілемшелер, балалар киімдері мен тағамдары ұсынылды.

Тәрбие колониясы учаскесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған қыз да назардан тыс қалмады. Оған кітаптар, кеңсе тауарлары және даму ойындары берілді.

«Балалар үйінің» қызметі сотталған аналардың балаларын 3 жасқа толғанға дейін уақытша ұстауды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді өтеуге арналған жалғыз мекеме», — деп атап өтті мекеме бастығы Вилорий Ким.

Бүгінгі таңда, Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД №10 мекемесіндегі «Балалар үйінде» 34 бала ұсталуда.

«Бөтен балалар жоқ — бұл Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұраны. Біз көптеген жылдар бойы оған мұқтаж жандарға көмек қолын созып жұмыс істеп келеміз», — деп атап өтті Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Нұрия Ниязова.

Кездесу соңында, мекеме басшылығы мен Ассамблея өкілдері ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...