12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда әлемнің үздік цирк әртістері өнер көрсетті

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL»: 16 ел, 55 жылдық дәстүр және Қазақ мемлекеттік цирк аренасындағы бірегей өнер көрсетілімдері

Алматы тағы бір мәрте цирк өнерінің халықаралық астанасына айналады. Қалада 2025 жылғы 23-27 шілде аралығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен III Халықаралық ALMATY CIRCUS FESTIVAL фестивалі өтеді.

Ауқымды шара Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдық мерейтойына арналады – бұл мекеме қала мәдениетінің нышанына айналған, өз дәстүрі мен әйгілі әртістерімен танымал.

Қысқа уақыт ішінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL әлемдік үздік он цирк фестивалінің қатарына енді. Оны беделді бәсекелестік деңгейі, халықаралық қатысушылар құрамы және шеберлік, шабыт пен мәдени әртүрлілік үйлескен өзгеше атмосферасы ерекшелейді. Биылғы жылы ұйымдастыру комитетіне 20 елден 180-нен астам өтінім келіп түсті. Ақтық кезеңге 16 мемлекеттен үздік нөмірлер іріктеліп алынды.

«Осындай фестивальдің өткізілуі Алматының Орталық Азиядағы мәдени хаб ретіндегі беделін нығайтады. Бұл – халықаралық ынтымақтастыққа, жастарды дамытуға және дәстүрлерімізді сақтауға қосылған үлес. Алматы әлемнің үздік цирк әртістерін бір аренада біріктіреді», – деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Бағдарлама әуе акробатикасынан бастап театрланған сайқымазақтарға дейін цирк өнерінің барлық жанрын қамтиды. Франция, Бельгия, Аргентина, Қытай, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Израиль және Эфиопиядан келген әртістер Алматыға өздерінің үздік қойылымдарын алып келеді. Қазақстан атынан «Hassak» труппасы өнер көрсетеді, олар цирктің мерейтойына арнайы дайындалған ерекше трюкті, яғни әйгілі Әбішевтер әулетіне құрмет ретінде үштік акробатикалық иыққа көтеру трюгін алғаш рет орындайды. Бұл нөмір ұрпақтар сабақтастығының символы болмақ.

Бұған дейін халықаралық конкурстарда көрсетілмеген өнер көрсетілімдеріне ерекше назар аударылған. Солардың қатарында – Украинадан келген дуэттің «Жан сыры» атты әуе драмасы, сондай-ақ әлемге танымал, әлемдегі үздік бес сайқымазақтың бірі саналатын Германиялық Хуш-Ма-Хуштың философиялық сайқымазағы бар. Оның сахналық тілі – юмор мен абсурд театрының үйлесімі. Бұл қойылымдар цирк өнерінің көрермендері үшін нағыз жаңалық болмақ.

Қазылар алқасының құрамы да ерекше: оған тек шетелдік өнер қайраткерлері ғана емес, сонымен қатар отандық цирк ардагерлері де кіреді.

«Цирк фестивалі – бұл жай ғана байқау емес. Бұл – шығармашылық зертхана, мәдени сұхбат және ұрпақтар арасындағы көпір. Біз көрермендерге танымал шеберлерді ғана емес, еш жерде көрсетілмеген нөмірлерді ұсынуымызбен де ерекше мақтанамыз», – деді фестивальдің бас режиссері Марина Редько.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары мен қала қонақтары 23-27 шілде аралығында күн сайын сағат 18:00-де өтетін кәсіби шеберлікке, батылдыққа және рекордтық трюктерге толы ұмытылмас шоуды тамашалай алады. «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» жеңімпаздары мен финалистерінің қатысуымен өтетін фестивальдік бағдарлама 2025 жылдың 24 тамызына дейін жалғасады.

Ясауи іліміне жаңа көзқарас: Түркістанда ғылыми дөңгелек үстел өтті

Түркі руханиятының темірқазығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи іліміне бүгінгі...

Призер международного уровня

Национальная сборная Казахстана показала высокие результаты в состоявшейся в...

Торжество искусства 

В г. Уральске в амфитеатре Центра им. Кадыра Мырза...

Надежная система от краж

На примере действий воровдомушников, полиция г. Шымкента разъясняет жителям...

Наказание за пагубное пристрастие

Прокуратурой г. Шымкента были выявлены массовые нарушения антикоррупционного законодательства...