Алматы әкімі командасын жаңартып жатыр: Тағы бір орынбасар қызметінен кетті

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсем Нүсіпова 7 тамызда өз еркімен қызметінен кеткен.

Айта кетейік, ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап Алматы әкімі орынбасары қызметін атқарып келген. Оның қарамағында білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салалары болған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылдың 1 мамырында Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент болып бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінде бас сарапшы қызметіне тағайындалды. 2002–2003 жылдары Президент Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі болды.

2003–2005 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ хатшылығындағы Ұйымдастыру-эксперттік топтың кеңесшісі қызметтерін қатар атқарды. 2005 жылы Премьер-министрдің кеңесшісі әрі кеңесшілер тобының жетекшісі болды.

2006 жылы Премьер-министр Кеңсесінің Жинақталған талдау бөлімін басқарды.

2007–2008 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, кейін 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болды.

2016–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, ал 2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау вице-министрі болды.

Еске салайық, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметке кіріскеннен кейін қала әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер басталған. Соңғы уақытта әкімдікте жеті негізгі лауазым иесі ауысқан.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.