Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Алматы қаласында қазіргі уақытта ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бақылау деңгейінен аспайды. Ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында зертханалық мониторинг нәтижесі бойынша тұмау жағдайлары тіркелген жоқ, қалада қыркүйек айынан бастап парагрипп, риновирус, маусымдық коронавирус сияқты басқа да ЖРВИ вирустары айналымда бар.

2025 жылдың өткен 43 аптасында қала аумағында ЖРВИ-дің 14979 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш — 637,86 құрады, бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 12,5% — ға төмен (17122 жағдай, көрсеткіш-729,19) және өткен жылдың ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 15,1% — ға жоғары (12413 жағдай, көрсеткіш — 541,46). Аурушаңдықтың 56,9%-ын балалар құрайды (8525 жағдай).

2025-2026 ж. жаңа эпидемиологиялық маусымының басынан бастап өсіммен (40-тан 43 аптаға дейін) ЖРВИ-дің 70316 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 2994,30 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0% — ға жоғары (64145 жағдай, көрсеткіш — 2798,01). Аурушаңдықтың 57,0%-ын балалар құрайды (40075 жағдай). 

Ағымдағы жылы тұмауды профилактикалау мақсатында тәуекел тобындағы адамдарды (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек — қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар) вакцинациялау үшін жергілікті бюджет қаражатына Ресейлік «Гриппол плюс» үш валентті вакцинасының 250 000 дозасы сатып алынды. Тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау 25 қыркүйектен басталды.

Қала бойынша 03.11.2025 ж. тұмауға қарсы барлығы 245 415 адам егілді, бұл қаланың жалпы халқының 10,5%  құрайды, оның ішінде «тәуекел тобындағы» 241963 (965,7%) адам егілді. Тұмауға қарсы екпе осы жылдың 15 қараша айының дейін жүргізіледі.

Қалада жеке меншіктегі медициналық орталықтарында өз есебінен егілгісі келген басқа тұрғындарға және  әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. 

Атап айтқанда, індеттің профилактикалау кезеңінде тұмаудың профилактикасының тиімді шарасы — вакцинациялау болып табылады. Екпе тұмау вирусынан қорғайды, аурудың өршуіненен сақтайды және өлім-жітімді азайтады.

Сонымен қатар, қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық  маусымында аурудың өсуі кезеңінде   алдын алудың келесі жалпы шараларын естен шығармау керек: 

— дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;

— жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;

— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет; 

—   ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама  іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.

Алпысбайұлы Қасымхан

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...