Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімі бойынша, Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды», — делінген хабарламада.

Батырхан Сүлейменов 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.

Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.