Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне» орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбекұлы Бескемпіров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімханқызы Әлімхан, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ардагерлері және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Салтанатты жиында еріктілердің еңбегіне ерекше назар аударылды. Жыл бойы Алматы қаласында өткізілген іс-шараларға белсенді атсалысқан «Еріктілер кеңесінің» мүшелері марапатталды. Олардың қоғамдық жауапкершілігі, халыққа көмек көрсетуге деген дайындықтары қоғам үшін үлгі болып табылады.

Азамат Бескемпіров санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еріктілерге де шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ қатысушыларға ҚР Премьер-Министрінің және Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты іс-шара әрі қарай оркестрдің ұлттық және әсем әндерден құралған өнерімен жалғасып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен еріктілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Н.С. Әуезов

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....