2025 жылғы 15 мамырда Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы онлайн форматта ұйымдастырылды. Бұл жиын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және қоғамға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы туралы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарған жұмысының қорытындылары ұсынылды.
Кеңес барысында Алматы қаласының көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды. Қаланың осы секторында жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері ұсынылып, проблемаларды шешудің нақты жолдары талқыланды. Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жүйелі шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл салада заңдылықтың сақталуы, қызметкерлердің жауапкершілігі және азаматтармен өзара іс-қимыл мәдениеті талқыланды. Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру қажеттілігін атап өтті және осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірледі.
Денсаулық сақтау және фармацевтикалық бақылау салалары да отырыстың маңызды тақырыптарының бірі болды. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Кеңес мүшелері денсаулық сақтау саласындағы бақылау жүйесінің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыста Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысының қорытындылары тыңдалды. Уәкіл мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауын бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Атап айтқанда, қызметтік әдепті бұзу жағдайлары талданып, олардың алдын алу шаралары қарастырылды. Уәкілдің есебінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау деңгейін арттыруға бағытталған оқыту және түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кеңес отырысы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы нақты ұсыныстармен аяқталды. Әдеп жөніндегі уәкілдің есебі негізінде мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің бұл отырысы Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға және тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Қабылданған шешімдер мен ұсыныстар қала өмірінің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтің тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.
Диляра Сакеновна Жубаназарова
Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
департаментінің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының бас маманы