12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Алматы қаласында жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында маңызды кездесу өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен және жастарға арналған жобаларды үйлестіріп жүрген мамандармен жұмыс бабындағы кездесуде бас қосты.

Кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың мазмұны, орындалу барысы және нәтижелілік көрсеткіштері жан-жақты талқыланды. Басқарма басшысы жастармен жұмыс істеудің, олардың әлеуетін дамыту мен қолдаудың аса өзекті екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде:

«Жастарға бағытталған әрбір жобаның артында нақты нәтиже, қоғамға пайдалы өзгеріс тұруы керек. Біздің міндетіміз – осы бастамалардың шынайы жүзеге асуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті.

Ашық диалог форматында өткен жиын барысында жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы, құжаттамалық есептілік пен көрсеткіштердің дәл орындалуы жайлы нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, әрбір ҮЕҰ-ның қала жастарының қажеттіліктеріне қаншалықты жауап беріп отырғаны да назарға алынды.

Кездесудің қорытындысында тараптар бірлескен жұмыс аясын кеңейту, тиімді кері байланыс орнату және жобалардың сапасын арттыру бағытында келісімге келді. Мұндай кездесулер жастармен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тәжірибе алмасуға, өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жастар саясаты басқармасы алдағы уақытта да ашықтық, тиімділік және серіктестік принциптерін басшылыққа ала отырып, қаланың жастарын қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастырмақ.

Учёба в КазНУ: сочетание традиций и инноваций

Это крепость знаний и мост к будущему. Это живая...

Конституция – ел Тәуелсіздігі мен тұрақтылығының құқықтық негізі

Биыл барша қазақстандықтар үшін айрықша мәні бар тарихи кезең...

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МІНДЕТ

Цифрлық дәуірдің дамуы бізге көптеген мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптерді...

Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс тобы Жамбыл облысының мектептеріне әдістемелік көмек көрсетуде

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22–26 қыркүйек аралығында Жамбыл...

Бейнеконференц байланыс арқылы өткізілетін сот отырысының ерекшеліктері

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану...