12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңестің негізгі функцияларының бірі – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеу және бақылау жөніндегі әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің нәтижелерін қарау болып табылады.

Отырыста Алматы қаласы Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі З.М. Сатхожинаның жұмыс қорытындылары тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес осы бағыттағы қызметті жетілдіру жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Мемлекеттік қызметтер азаматтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғаны атап өтілді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласында 10 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен бірге, олардың сапасына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет, бағалау және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Осыған байланысты отырыста Цифрландыру басқармасы жер қатынастары және спорт салаларындағы департаменттермен бірлесіп жүргізген ішкі бақылау нәтижелері қаралды. Талдау көрсеткендей, аталған салаларда қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар мәселелер бар. Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес нақты ұсынымдар берді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, қызметтік әдепті сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша бірқатар санаттағы басшы мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді әдеп жөніндегі кеңестер қарайды.

Отырыста орталық мемлекеттік органның аумақтық департаментінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралды. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізудің негізі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің өтініштері болды.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес, қызметтік қарым-қатынаста іскерлік және достық қатынастарды орнатуға және нығайтуға жәрдемдесу, әдеп нормаларын бұзуды болдырмау үшін шаралар қабылдау, сондай-ақ ұжымда кемсітушілік пен әріптестердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға жол бермейтін қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдау қажет.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарап, оған қатысушыларды тыңдағаннан кейін, Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер қабылдады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының м.а. Н. Узбеханов

Цифровое управление персоналом – прозрачность при найме сотрудников

Единая кадровая система государственного и квазигосударственного сектора в Казахстане,...

Бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Проведено очередное заседание Совета по этике города Алматы

11 августа 2025 года состоялось очередное заседание Совета по...