Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 18 сәуірде Қазақстан үкіметінің Telegram-каналында жазылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады», — делінген хабарламада. 

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған.

2010-2012 жылдары — «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ маманы.

2012-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2015-2017 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп пен көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы.

2017-2021 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.

2021 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...