12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алименттен жалтарғандар жауапкершіліктен құтылмайды

Ата-аналарға «бауыр еті баласын» бағып-күтуге қажетті қаржыны, яғни, алиментті төлету ең өзекті мəселелер қатарында. Өкініштісі, елімізде ажырасушылар қатары көбеюде. Ал әрбіражырасқан ерлі-зайыптының артында бала тағдыры, алимент мəселесі тұрғаны айдан анық.

Ұл-қызына қамқорлық жасап,  оларды тəрбиелеу – ата-ананың етене құқығы əрі міндетіекені Ата Заңмен айқындалған. Бұған қоса Конституцияда кəмелеттік жасқа толған еңбекке жарамды балалардың қамқорлықты қажет ететін ата-анасына қарау міндеті де бекітілген. Нақты айтқанда, ата-ананың — бала, баланың — ата-ана алдындағы жауапкершілігі заңмен реттелген.

Ата-ананың бірі алимент төлеуден бас тартқан кезде сотқа өтініш беру арқылы мәжбүрлі түрде төлетуге болады. Бұл үшін ҚР Азаматтық процестік кодекске сәйкес, жауапкердің тіркелу орны бойынша сотқа талап арыз түсіреді. Сотқа ажырасу туралы талап-арыз түскен кезде міндетті түрде алимент бойынша мәлімет сұратылып, оның өндіріліп-өндірілмегені анықталады. 

Алимент сотқа жүгінген сәттен бастап тағайындалады, ал баланы асырауға қажетті қаражатүш жылға дейін берілмегені анықталған жағдайда оны талап етуге болады. Айтып өтерлігі, сотқа алимент өндіріп алу туралы талап бергенде талапкерлер мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Бұл туралы ҚР Салық кодексінің 616-бабымен нақтыланған.  Азаматтық процестік кодекстің 140-бабына сәйкес,  кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент төлеу талапетілгенде сот бұйрығы шығарылып, ол сот актілерін орындау департаментіне жіберіледі. 

Алимент жалақы түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешікітірілмей аударылу керек. Алиментке қамқорлықтағы, қорғаншылықтағы немесе патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ, асырап алынған балалар да құқылы.  Бұдан әрі нақтыласақ, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға әрбір ата-ана міндетті. Заң бойынша алимент тек балаларға төленбейді. Ерлі-зайыптыларға да бірін-бірі материалдық жағынан қолдау міндеті жүктелген. Сондықтан, еңбекке жарамсыз, жүкті не бала туғанына үш жылдан аспаған, мүгедек баланы бағып отырған ерлі-зайыптының бірі алиментке өтініш бере алады. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар да алимент төлеу міндетінен босатылмайды. 

Ата-аналар алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы. Некені бұзуда сотта келісім қаралады. Алимент мөлшері мен оны төлеу тәртібі сотта анықталады. Алиментке міндеттелген ата-ана әр ай сайын бір балаға табысының  4/1 бөлігін, екі балаға 3/1 бөлігін, одан көп балаға табысының жарты бөлігін төлейді. Кейбір жағдайда осы алимент мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын ескере отырып, азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.

Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз мұқтаж өз ата-аналарын асырауға және оларға қамқор болуға міндетті. Еңбекке жарамсыз ата-аналар өздерін бағып-күтпегені үшін балаларынан алимент талап ете алады. Бұл үшін сотқа өтініш береді. Бірақ, өз міндеттемелерін орындамағандар, ата-ана құқығынан айрылғандар алиментке үміткер бола алмайды. Бұдан басқа немерелері мен апа-аталарының, тәрбиленуші-тәрбиелеушілердің және басқа отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері заңмен айқындалған. 

Алименттен жалтарғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабыменайыппұл салынады не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Үш айдан аса төлемегендер ҚР Қылмыстық кодекстің 139-бабына сəйкес, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе осы мерзімге бас бостандығынан айрылады.

Жалпы айтқанда, баланы асырап-бағу ата-ананың заңмен бекітілген міндеті, сондықтан, олардың заңды немесе азаматтық некеде болуы, ажырасып кетуі маңызды емес. Маңыздысы әрбір адам өз ұрпағы алдындағы жауапкершілігін сезінуі, яғни, өзінің ата-аналық міндетін орындауы болып отыр. 

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең...

Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев

        2025 жылы қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы және...

Проблема выпадения детей из окон

В ПОСЛЕДНЕЕ ВРЕМЯ ДЕТСКИЙ ТРАВМАТИЗМ В БЫТУ ОСТАЕТСЯ ОДНОЙ ИЗ АКТУАЛЬНЫХ ПРОБЛЕМ СОЦИУМА. СРЕДИ ГЛАВНЫХ ПРИЧИН, СОПРОВОЖДАЕМЫХ ТЯЖЕЛЫМИ И ЛЕТАЛЬНЫМИ ИСХОДАМИ – ВЫПАДЕНИЕ МАЛОЛЕТНИХ ДЕТЕЙ ИЗ ОКОН МНОГОЭТАЖНЫХ КВАРТИР.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Халқымыз үшін аса қастерлі мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде...