Алимент: шетелдегі борышкерлерге де шектеу қойылады

Сенат балалардың мүддесін қорғауға арналған екі құжатты мақұлдады. Алғашқы мақұлдаған құжат – «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті бұл өзгерістің мақсатын, 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның ережелерін кəмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тану мен орындауды айқындайтын мəселелерді реттеу арқылы жетілдіруге бағытталған, – дейді. Оның ішінде: — Конвенция ережелерін сот шешімдерімен қатар сот бұйрықтарына да таратуды көздейтін түзетулер енгізіледі, бұл өз кезегінде алимент міндеттемелері бойынша шешімдердің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз ете отырып, балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді; — басқа уағдаласушы тараптардың аумағында шығарылған, мəжбүрлеп орындауға жататын шешімдердің тізбесі оған сот бұйрықтары енгізіле отырып кеңейтіледі; — шешімді мəжбүрлеп орындауға рұқсат беру туралы өтінішхат беру тəртібін белгілейтін Конвенцияның 53-бабы осы тəртіпті сот бұйрықтарына қатысты да қолдануды көздейтін ережелермен толықтырылады; — сот бұйрығын мəжбүрлеп орындау туралы өтінішхатқа қосымшаға жататын қажетті құжаттардың тізбесі кеңейтіледі; — аумағында осы процестік құжат шығарылған мемлекеттің ұлттық заңнамасына сəйкес борышкерге сот бұйрығы (оның көшірмесі) табыс етілмеген немесе жіберілмеген кезде сот бұйрығын шығаруға байланысты осындай негізді қоса отырып, шешімдерді мəжбүрлеп орындауға рұқсат беруден бас тарту негіздерінің тізбесі кеңейтіледі. Сенатор Жанна Асанова «отбасы қатынастары мен кəмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы трансшекаралық жағдайларды реттейтін халықаралық құқықтық стандарттардың мəні ерекше. Бүгінде балаларға алимент өндіру секілді мəселелер тек ұлттық деңгейде шешілмей, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық үйлестіруді талап етеді. Осы тұрғыда ұсынылып отырған заңның маңызы зор. Бұл хаттама балалардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауды күшейтетін, сот актілерін, оның ішінде сот бұйрықтарын тану жəне орындау рəсімдерін үйлестіретін маңызды құқықтық құрал» – дейді. Депутаттың айтуынша, «қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық жəне шетелдік сот актілеріне сүйене отырып атқарылған істер тəжірибесі бұл нормалардың өзектілігін растайды. 2020–2025 жылдар аралығында кəмелетке толмаған балалар мүддесінде жүргізілген атқару өндірістерінің саны 100-ден астам, жалпы қарыз сомасы 47 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш трансшекаралық алимент өндірудің күрделілігін жəне тиімді құқықтық шешімдердің маңыздылығын айқын көрсетіп отыр. Заңды қабылдау хаттаманы ратификациялауға жол ашып, балалардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді». Сенаторлардың талқысына түскен екінші құжат «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция ға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң. Бұл заң – кəмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын (сот бұйрығы туралы ұйғарымдарды) уағдаласушы тараптардың аумақтарында тануға жəне мəжбүрлеп орындауға жататын сот актілерінің тізбесіне енгізу жолымен Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы кəмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Хаттама кəмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тану мен орындауды айқындайтын мəселелерді регламенттеу арқылы 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек жəне құқықтық қатынастар туралы конвенцияның ережелерін жетілдіруге бағытталған. Бұндағы өзгерістерді төмендегі мəселелер құрайды: орындалуға жататын сот актілерінің қатарын азаматтық істер бойынша сот шешімдерімен қатар, кəмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарымен толықтыру ұсынылады. Бұл түзетулер алимент міндеттемелері бойынша шешімдердің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз ете отырып балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге үлкен мүмкіндік береді; — шешімді тану жəне орындау туралы өтінішхат беру тəртібін белгілейтін Конвенцияның тиісті бабы сот бұйрықтарына қатысты да қолдануды көздейтін ережелермен толықтырылады; — борышкерге сот бұйрығы табыс етілмеген немесе жіберілмеген жағдайда сот бұйрығын шығаруға қатысты негізді қоса отырып, шешімдерді танудан жəне орындаудан бас тарту негіздерінің тізбесі кеңейтіледі. — хаттаманы ратификациялау Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық тетігін жетілдіруге, сондай-ақ уағдаласушы тараптардың аумақтарында кəмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тануды жəне мəжбүрлеп орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...