12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алимент қарыз емес, парыз

Қазіргі таңда алимент өндіру ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өкінішке қарай, бүгінде ажырасып жатқан отбасы көп. Нәтижесінде баланы асырауға төленетін төлемдер саны артуда. Алимент балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына немесе ата-анасына төленуі мүмкін. Алименттер ай сайын —  бір балаға — ата-анасының   еңбек ақысының немесе өзге табысының үштен бірі,үш және одан да көп  балаларға  — ата-ана еңбекақысының немесе өзге табысының жартысы төленуі тиіс. Алимент төлеуді көп әкелер балаларының алдындағы парызы емес, қарызым деп түсінеді.  Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестің кодексінің 21-бабына сәйкес, соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулыларын барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде орындауы тиіс.

Сот шешімін орындау — сот орындаушыларына  жүктелген. Қазіргі кезде сот шешімдерінің   орындалу мәселесіне аса мән берілуде. Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабына сәйкес, яғни, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамаған жеке тұлғаларға — он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сот шешімдерінің орындалмауы сот жүйесінің ғана емес, жалпы, мемлекеттік өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Сондықтан, әкенің балаларына алимент төлеуі мемлекеттік маңызы бар мәселе екенін естен шығармай, ертеңгі тірегімізге айналатын  ұрпақтың, келешек отағасы болар ұлдарымыздың борышкер болмауын осы бастан ойластырғанымыз жөн.

Айнұр Сакенова,

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы — сот мәжілісінің хатшысы 

Кассация – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасының сот жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Оның ішінде...

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...

Медиацияның мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері...

Татуласу рәсімдері – дауларды шешудің баламалы жолы

Татуласу рәсімдері — тараптардың келісімге келуіне бағытталған, сотқа жүгінбей...

Противодействие коррупции

Коррупция – использование лицом своих должностных полномочий и доверенных...