Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде, білім алушылардың тәжірибеге бағытталған оқуын қамтамасыз ету және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мақсатында студенттердің №20 мекемеге баруы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар мекеменің қызметімен, қылмыстық жазаларды орындау тәртібімен, сотталғандарды ұстау жағдайларымен, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырумен танысты.
Мекеме қызметкерлері қызметтік қызметтің ерекшеліктері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары, сотталғандардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ оларды түзету мен қайта әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелік және профилактикалық жұмыстар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нурболат Сапарғалиев.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...