Алғыс айту — парызым

Бүгін — Алғыс айту күні . Алғыс айту күні – бұл, еліміздегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіретін күн.

Осы мерекеге орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерге «Алғыс айту-парызым» атты іс-шарасы өтті.

Шараны мекеменің тәрбие бөлімі мен кешкі мектеп мұғалімдері ұйымдастырды. Іс-шараны ашқан кешкі мектеп мұғалімі Алғыс айту мерекесі туралы ақпарат берді. Одан соң жазасын өтеушілер үш топқа бөлініп, бірі ұстазына, бірі анасына, енді бірі достарына алғыс тілектерін айтты. Мекемеде жазасын өтеуші өзге ұлт өкілдері қазақ, орыс, өзбек азаматтары өз тілдерінде құттықтау айтып, ұлты өзбек С.есімді азамат достарына арнап өлең шығарып оқыды. «Үздік қабырға газеті» кезеңінде газет бетіне сурет салып, жылы лебіздерін білдірді. Әр топ өз газеттерін таныстырып, бүгінгі алғыс айту күніне өткізілген шара өте жақсы өтті. Мен алдымен анама алғыс айтамын. Өмірге әкеліп бағып-қағып азамат етіп тәрбиелегені үшін, одан соң бауырларыма, достарыма, ұстаздарыма алғыс.

Ұстаздарым басымызға түскен қиыншылықта қолдау білдіріп, осындай тәрбиелік шараларды өткізіп, кішкене болсада уайым- қайғымызды жеңілдетеді. Мекеме әкімшілігі біз сияқты жаза асқан азаматтарды тәрбиелеп, қоғамға оң көзқарас қалыптастырып жатыр. Сол үшін бүгінгі шараны ұйымдастырған мекеменің тәрбие бөлімі мен кешкі мектеп мүғалімдеріне мың алғыс айтамын», — дейді сотталған азамат.

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...