Алдын-алу жұмыстары

7-сі мен 13-ші ақпан аралығында «Профилактикалық қадағалау»атты ПІШ өткізілген уақытта келесі іс–шаралар жүргізілді: СҚО бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын сотталғандар мекен жайлары бойынша тексерілді.

Сотталғандармен профилактикалық әнгімелер өткізілді. Оларға кезекті ретте жазаны өтеу мерзіміндегі құқық пен міндеттер түсіндірілді , әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған кезінде немесе пробация қызметінің бақылауынан жалтарған сотталғандарды шартты соттылығын шешіп нақты бас бостандығынан сот үкімі бойынша айырылатындықтарын ескертілді.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторларымен бірге мекен жайлары мен жұмыс орындары бойынша қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар тексерілді.

Бірнеше мәрте сотталғандар және қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға аса көңіл бөлініп бірнеше рет тексерілді.

СҚО бойынша ҚАЖД

Есіл аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы

әділет капитаны Өмірмұрат Төлеббергенұлы Қойшыбаев

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...