12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қалдарбек Досымбет, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:«Азаматтық-құқықтық қатынастар аясы кеңейді»

Сот саласында жүріп жатқан түрлі реформалар қатарына «Азаматтық процестік кодекстегі соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқартуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы  жатады. Осы заң аясына енген толықтырулар мен өзгертулер жайлы Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбетпен әңгімелесудің сәті түсті.

– Қалдарбек Жорабайұлы, заман ағымына қарай құқықтық салада, оның ішінде сот саласында реформалар жүзеге асырылуда. Оның айғағы – Азаматтық процесстік кодекске енген өзгертулер мен толықтырулар. Жалпы, азаматтық істерде бұған дейін де заңнамалар өзгерген. Бұл жолғы Мәжіліс талқылауына жолданып отырған Азаматтық процестік кодекстен нендей жаңалықтар күтуге болады?

– Иә, сауалыңыз орынды, уақыт бір орнында тұрмайды. Дәуірдің, заманның илеуіне қарай, заңдар да жаңарып, толықтырылып өндіріске енуде. Бұл уақыттың талабы. Сан-салалы реформаларды жүзеге асырып жатқан сот жүйесін сараптайтын болсақ, соттарға артылған жүктеме қара нарға артқан жүктей.  Сот жұмысының жүктемесін жеңілдету, бұқара халықтың сотқа деген сенімін арттыруда қыруар шаруалар атқарылды. Арғы жағын айтпай-ақ, 2016 жылы өткен VII съезінде қабылданған шешімдер жүзеге асуда. Соның бір парасы Азаматтық процестік кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар. Олар сот отырысы тараптарының уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге, сот жүктемесін жеңілдетуіне алып келді. Тек мұнымен шектелмей біраз сұрақтар, оның ішінде, сот отырысына қатысты, бұйрық арқылы іс жүргізу, татуластыру рәсімдері, сот шешімдері және өзге де өзекті тақырыптар, сотта шешілетін мәселелер құзіреті кеңейді.

– Өзіңіз айтқандай, кеңейтілген шеңбердегі Соттың істі қарау барысындағы бастамалары жайлы да айта отырсаңыз? Сіз айтқан кеңейтілген шеңбер қандай?

Қазір біз технологиялық дәуірде өмір сүрудеміз. Сағат сайын, тіпті минут сайын ғылыми жеделдетілген әрі автоматтандырылған құрылғылар қолданысқа енуде. Соның бірі сот саласын цифрландыру. Енді бұл техникалық құралдарды пайдалану бойынша заңға: «Соттың рұқсатымен тараптар, куәлар, сарапшы-мамандар, аудармашылар техникалық құралдарды қолдануына құқылы және техникалық құралдар сот отырысы барысында қосымша дәлелдемелер, ақпараттар ұсыну мақсатында қолданылуы мүмкін. Алайда, аудио және бейнежазу бойынша сот отырысына қатысушы осы Кодекстің 19-бабы жетінші бөлігінің қағидаларын сақтамаса, аталған жазбаны тарату мен кейін қолдану мүмкіндігінен айырылып, сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін оны жауапқа тартуға негіз болады»-деген өзгеріс енді.

Сондай-ақ, сот отырысына қатысатын тараптың келмеу салдарына байланысты қосымша  ұсыныс  бар. Егер қатысушы тарап техникалық байланыс құралын пайдалану арқылы қатысуға өтініш берсе, бірақ сот отырысында өз қатысуын қамтамасыз етпесе, сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тануға құқылы.

Бүгінгі таңда сот отырысына бейне байланыс құралдары арқылы қатысушылар саны көбейді. Сол себепті, сотқа орнынан тұрып жауап беру, айғақтар мен дәлелдемелер ұсыну бойынша әрекеттер сот отырысы форматына қарай ескеріліп, өзгертілді.

Енді формат жағына ойыссақ, жаңа Заң соттар жұмысын заманауи форматта жетілдіруге күш салады. Онда, артық сот шығындарын қысқарту мәселелері, өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу тарауында бұрынғыдай сот бұйрығын соттың мөрімен куәландырмай, электронды түрде қол қою туралы өзгеріс енгізілген. Және сот актісінің көшірмесі тікелей өндіріп алушының арызымен тиісті сот орындаушыға жолданады. Бұл бұрынғы әуре-сарсаңды азайтады. Сондай-ақ, сот бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу жағдайында борышкер мен өндіріп алушыдан түсіндірме алу үшін сотқа шақырмай-ақ, заңда белгіленген тәртіпке сай, борышкердің арыздары бойынша сот актісін, яғни сот бұйрығын заманауи электрондық форматта шығарады. Оған қоса, куә ретінде шақырылған тұлғаның негізді себептерге байланысты сот шақыруына келе алмаса, оның болған жерінде немесе жаңа жоба бойынша заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып жауап алынуы мүмкін.

Кей сот процестерінде тараптар сот шешіммен келіспей, әлеуметтік желілерге тікелей эфирге шығады, тіпті кейде ақпарат бұрмаланатын жағдайларда кездеседі. Ақпаратты бұрмалайтындарға да жаза қарастырылған ба?

— Бұл мәселе, бүгінгі қоғамда ушығып тұр. «Самаурын қайнапты десе, Самарқанды су алыпты» дегендей жағдайлар болады. Шешімді шығаратын, үкімнің соңғы нүктесін қоятын сот.  Тіпті кейде сот отырыстарында сотты құрметтемеушіліктер де болады. Ашық сот процестерінде, заң бойынша  бейнесюжет жасауға, аудио-дыбыс жазуға рұқсат етілген жағдайда олар да ақпараттың шынайылығына мән беруі керек. Сонымен қатар, сот табалдырығының алдында тұрып алып, нақақтан-нақақ ақпарат таратындар оның сұрауы барын білуі тиіс. Ал сот отырысында, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталса, төрағалық етуші судья заң бұзушыға сот отырысында сол факт бойынша дереу шаралар қолданады. Ол факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Осындай іс-шараларға қатысты мәселелер шешімін тапты. Сот приставының процессуалдық дәрежесі заңнамалық тұрғыда азаматтық іс жүргізу аясында нақтыланды. Пристав сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтайды, сотқа процестік әрекеттерді орындауда жәрдем көрсетеді, соттарда судьялар мен процестің өзге де қатысушыларын күзетуді жүзеге асырады. Яғни, төрағалық етушінің өкімдерін және өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындайды. Азаматтық процестік кодекске екі жаңа бап қосылды. Олар жаңағы айтып кеткен сот приставы мен аудармашыға қатысты баптар.

Аудармашы демекші, талап арыз қай тілде жазылса, сот жүргізу процесі сол тілде жүреді. Заңда аудармашылар жайы қалай көтерілген?

— Аудармашылар, олар келісім шартпен жұмыстарын атқарады. Жалпы аудармашы дегеніміз кім? Жаңа заңда бұл да қамтылған.  Аудармашы  іске қатысы жоқ, аудару керек тілдерді және (немесе) сурдоаударма техникасын меңгерген адам. Олар жүргізіліп отырған іс тілін куәгерлер, сарапшылар, мамандар білмеген жағдайда шақырылады. Аудармашыны тағайындау туралы төрағалық етуші хаттамалық ұйғарым шығарады.

Соттың өкілеттіліктері артты, бұл бағытта алып қосарыңыз бар ма?

— Іске қатысатын адам басқа қаладағы немесе аудандағы, тіптен басқа мемлекеттегі дәлелдемелерін қамтамасыз ету (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туындағанда, сот өз бастамасымен қажетті сұрақтар шегін анықтап тапсырма жолдауға құқылы.

Сондай-ақ, сараптама тағайындау кезінде сот тараптардың өтінішхаты негізінде немесе өз бастамасы бойынша тағайындайды. Тұлға сарапшыға қоюға тиіс сұрақтарды сотқа ұсынып, жауап алуға құқылы. Сарапшының қорытындысында көрсетілуі тиіс сұрақтарды сот белгілейді. Сот қатысушы тараптан ұсынылған сұрақтарды қабылдамауы жөнінде сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымында көрсетуге міндетті. Аталған бапқа қосымша өзгертулер енгізілген сараптама материалдарын сот айқындайды. Егер сараптама жүргізуде куәлардан қосымша мәліметтер қажет болса, сот оларды шақыруы және сарапшының қатысуымен жауап алуға құқылы. Тараптарға бұл туралы хабардар етіледі. Бірақ олардың келмеуі куәлардан жауап алуға кедергі болмайды. Мұнда жауап алынған куәлар істі қарау кезінде сот отырысына келуден және қайта жауап алудан босатылмайды.

Қазір сот жүйесінде татуластыру рәсімдері кеңінен насихатталып, халық арасында түсіндірме жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілуде. Бұл мәселеге қатысты көзқарасыңыз қандай?

– Әрине татуластыруды дамыту одан әрі де көзделе береді. Азаматтық істерде көбіне дау-дамай, отбасылық жағдай, тағы басқалары бар. Жаңа жобада  татуластыру рәсімдеріне де көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мысалға, бұрындары татуластыру рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, жариялы азаматтық-құқықтық қатынастардан шығатын істерге қолданылмаса, енді барлық азаматтық істерге қолданылатын болады. Яғни, қолдану аясы кеңейеді.

Сонымен қатар, партисипативтік рәсімді тек адвокаттар емес,  енді заң консультанттарының да жүргізу мүмкіндігімен кеңейтілген. Қазір заң консультанттары көбейгеніне байланысты, енді тараптарды татуластырудың бір жолы — партисипативтік рәсімнің қолданылуы жиіледі. Дауды бейбіт жолмен реттеуге кең өріс ашылады.

–Әңгімеңізге рахмет.

Айтақын МҰХАМАДИ,

«Заң газеті».

Алматы облысы

[ratings]

 

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...