Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромед» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.

«Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады», — делінген хабарламада. 

Бірақ жоғары температураға қарамастан, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады.

«15 шілдеден бастап батысқа қарай, ал 16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер ете бастайды, бұл ауа температурасының аздап төмендеуіне әкеледі», — деді синоптиктер.

Қазақстан қалаларының ауа райы болжамы картасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....