Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсерінен, ҚР басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Жалпы, республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.  

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 3-13 градустан 3 градус аяз — 7 градус жылыға дейін, күндіз 10-20 градустан 2-15 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста ауа температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 градус аяз — 8 градус жылыдан 3 градус аяз — 5 градус жылыға дейін, күндіз 8-18 градус жылыдан 2-8 градус жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстікте ауаның температурасы түнде 0-6 градус жылыдан 0-10 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз 5-12 градус жылыдан 0-8-ге дейін төмендейді;
  • ҚР орталығында ауаның температурасы түнде 1 градус аяздан — 3-9 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз температураның негізгі фоны 7-18 градус жылы;
  • шығыста түнде ауаның негізгі фоны 2 градус аяз — 8 градус жылы болады, күндіз  ауаның температурасы 3-15 градус жылыдан 9-18 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстікте түнде ауаның температурасы 3 градус аяз — 5 градус жылыдан 0-13 градус жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыдан 12-26 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста ауаның температурасы түнде 5 градус аяз — 6 градус жылыдан 2 градус аяз — 10 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыдан 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...