Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады,  түнде Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады деп күтіледі. Жел күшейіп, батыста, шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
  • солтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 7-12 градус;
  • республика орталығында 3-8 градус жылы, күндіз 5-19 градус;
  • шығыста түнде 5 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз 5-13 градус;
  • оңтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
  • оңтүстік-шығыста түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...