12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛАЯҚТАР АЗАЯР ЕМЕС

Адамнан қулық артылмайтындығына сіз бен біз күн сайын куә болып жүрміз. Бірер жыл бұрын кез келген жеке тұлғаның ИИН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы несие алатын алаяқтар шыққанын естігенде бәріміз таң қалып ек. Ал, қазір оларда заман талабына сай дамып, ендігі кезекте өзіңізге қоңырау шалып, банк счетыңыздағы қаражатты оп-оңай ғана шешіп алуға ниеттеніп жүр. Бұл мәселеде кейбір «сәтті» шыққан «операциялары» да жоқ емес.

Оңай олжаны мақсат еткендердің схемаларын тізіп көрелік: Olx, Market, Kolesa сынды алу-сату желілерінде, басқа да түрлі жолдармен алаяқтар өздерінің құйтырқы әрекеттерін іске асырып жүр. Әртүрлі желілер, бірақ схема бір: сізге кезекті сатып алушы болып хабарласып, тауардың жағдайын сұрап, басқа қаладан екендігін және сізге курьер жіберіп қойғанын алға тартып, келісімшартқа өзіңіздің мәліметтеріңізді толтыруыңызды өтініп сілтемені жібереді. Ал сіз еш күдіктенбестен сұраған мәліметтің барлығын толтыра саласыз, осылайша алаяқтардың өз мүдделеріне іске асыруға сіз де байқамай атсалысып кетесіз. Бірақ, әр мәселеге сыни көзқараспен қарайтын азамат болсаңыз сіз бұл арбауға бірден түсе қоймайсыз. Біз осы мақаланы әзірлеу барысында бүгінгінің алаяқтарына алданған азаматшаны таптық.

Майра, Тараз қаласының тұрғыны:

«АРБАУҒА ТҮСТІМ…»

– 2022 жылдың 9 мамырында орыстілді бөгде әйел қоңырау шалып, Алматыдан хабарласып тұрғанын және менің атымнан несиеге өтініш беріліп жатқанын айта бастады. Оны аса тыңдай қоймап едім, артынша қайта хабарласып банктегі бас маманмен қосты, сонан ол кісі өзін Сергей деп таныстырып, өздерінің Алматыдағы бас кеңседен хабарласып отырғанын айтты. Сонан соң мән-жайды түсіндермек кейіп танытып «Whatsapp» арқылы қайта хабарласты. Мені алаяқтардан қорғайтынын, олардың барлық банк жүйелеріне қолжетімділігін үзетінін, сонымен қоса менің счеттарыма қауіпсіздік қызметін жүргізгелі отырғанын түсіндірді. Осыдан соң «ForteBank» атынан хабарлама жіберді, маған 4 жыл бойы келіп жүрген хабарлама қайта келді. Яғни, ол банкте өзімнің төлеп жүрген несием болатын. «Күмәнданбауыңыз үшін «ForteBank» ресми сайтынан хабарлама жіберем, ол жерде құпия код болады, осылайша менің алаяқ емес екендігіме көз жеткізе аласыз», – деп сендіре кетті. Артынша маған тағы бір «мы не можем одобрит вам кредит», деп хабарлама келді, мұны ол кісі алаяқтарды әшкерелеу барысында болып жатқан жайт екенін, одан соң олардың айтқандарын жасап отырсам әккілерді әшкерелейміз деді. Осылайша шүбә келтірмей айтқандарын жасап, кодтарды айтып отырдым. Осылайша «Халық банкінен» бас-аяғы 1 315 846 тг, «Еуразия» банкінен 2 млн теңге онлайн форматта рәсімдеген болды. Мұның барлығы 2022 жылы 9 мамыр, яғни демалыс күні болды, 11 мамыр жұмыс күні банктерге барып тағы көз жеткізбек ниетте сұрағанымда банк менеджерлері алданғанымды айтты. Бұдан кейін барлық органдарға арызданып, арпалысқа түскен жайым бар.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі: «ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР ЕШКІМГЕ БЕРІЛМЕУ КЕРЕК»

– Интернет-алаяқтықтың статистикасы мен оқиғаларына қысқаша сараптама жасап беріңізші.

– Ағымдағы жылдың 5 айдағы қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықпен байланысты 135 іс тіркелген, олардың ішінде 42 іс ашылды. Ал 2021 жылы жалпы саны 247 іс тіркеліп, 88-і ашылған. Талдау көрсеткендей, тіркелген 135 интернет-алаяқтықтың: 36 фактісі қаржы саласында орын алды, атап айтқанда ақшаны көбейту туралы күмәнді жобаларға қатысу, кредиттер рәсімдеу, банк қызметкері атынан қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар; 99 жағдайда онлайн-сатып алу, онлайн қызмет көрсету саласымен байланысты болды. Жыл басынан интернет-алаяқтықпен айналысқан 10 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 5-уі басқа облыстардың тұрғындары болды (Алматы, Шымкент, Қызылорда т.б.). Жыл сайын жедел тергеу тобының (ЖТТ) сандық және сапалық құрамы қайта қаралып жаңартылып отырады, сондай-ақ облыстық ҚАПБ жауапты қызметкерлерінің қылмысты ашуға бағытталған жұмыстары 10 күн сайын ПД басшылығымен тексеріліп отырады. Бүгінгі таңда алаяқтық елімізде ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі болып қала береді. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен қатар, алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтық пайда болуда, олардың саны жыл сайын артып келеді. Интернет-алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстанда ғана емес, одан да тыс жерлерде болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатқа ие екендігін жасыра алмаймыз. Бұл қылмыстарды ашу өте қиын, өйткені қылмыскерлер оларды тіркеу кезінде де, ақша алу кезінде де деректерді жасыратын ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырады. Көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқияттылықты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет ететін көптеген операциялар мен басқа да процедуралық шаралар жүзеге асырылады. Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның барысында біз белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесін әзірледік.

– Аталмыш жағдайға ұрынған азаматтар мен азаматшалардың бірінші қадамы қандай болуы тиіс, қай жаққа арызданып, нендей құжаттар өткізу қажет?

– Кімде-кім интернет-алаяқтықтың құрбаны болса, бірінші кезекте арызбен тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша немесе жақын жердегі полиция бөліміне жүгінуіңіз қажет. Осыдан кейін құжат тіркеліп, тергеушімен әрі қарай қаралатын болады.

– Халық интернет алаяқтарынан қорғану үшін қандай қауіпсіздік шараларын қолдануы тиіс?

Интернет қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: – өзіңіздің төлқұжат және өзге де дербес деректеріңізбен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен SMS құпия сөздерді, тіпті егер сізге өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да ешкімге хабарламаңыз; – жарнамадағы ақпаратты мұқият және толық оқып шығыңыз, әсіресе, кішігірім шрифтпен жазылғанды оқыңыз; – тиімді ұсыныстарға сын көзбен қараңыз; – тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз; – белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз; – тартымды немесе күмәнді шарттармен мәміле жасауға асықпаңыз; – байланыссыз төлемдер кезінде карта бойынша шығыс лимитін орнатыңыз және мүмкін транзакциялардың мөлшерін шектеңіз; – өз құжаттарыңызға (жеке куәлік, банк картасы) қолжетімділікті шектеңіз, құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз, себебі келешекте зиянкес микрокредиттік қаржы ұйымдарында микро қарызды ресімдеуі әбден мүмкін.

Ғани ЕРКІНҰЛЫ

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...