12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛАЯҚТЫҚ ҒАСЫР ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Деректер мен дәйектерге көз жүгіртсек, соңғы жылдары Атырау қаласында интернет-алаяқтық жасаушылардың саны көбейе түскені байқалады. Заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, қылмыскерлер әртүрлі тәсілдерді қолдануда. Олардың ішінде ең көп тарағаны – веб-сайттар арқылы жәбірленуші өзі ақша аударып, кейіннен тапсырысын ала алмай қалу, меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арасындағы сенімдік қатынастарды өз мақсаттарына пайдалану деректерін айтуға болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаншама рет айтылып жатса да көптеген адамдардың шектен тыс сенгіштігі мен құқықтық сауатының төмендігі оларды қаржы пирамидаларының қақпанына іліктіруде. Салымшылардың миллиондаған қаржысын айналымға салып отырған банк саласында да интернеталаяқтық күннен күнге көбейіп келеді. Олар салымшыларға өздерін тұрғылықты банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттерге шоттарында күдікті операциялар немесе жүйенің сол сəтте дұрыс жасамай тұрғанын хабарлайды. Сенімге кіргеннен кейін ақшаны өздерінің, яғни жалған шотқа аударуды ұсынады немесе банк картасының толық деректерін алдап алып, шоттағы барлық ақшаны иеленіп кетеді. Жыл басынан бері жеті жүзден астам адам алаяқтардың құрбанына айналып, бүкіл жиған-тергенінен айырылды. Бұл фактілер тұрғындарымыздың тым сенгіштігін, аңқаулығын, əлі де болса жеңіл табыс табуға бейім екендігін көрсетеді. Бұл жерде əрбір салымшы банк қызметкерлері үшін өз клиенттерінің карточкалық шот бойынша деректерін не болмаса интернет банкинг паролін сұрауы міндетті емес екендіктерін білгендері жөн. Жоғарыда атап өтілген қателіктерге болашақта жол бермеу үшін құқық қорғау органдар облыс орталығындағы барлық екінші деңгейдегі банктерге алдын ала ескерту ережелері туралы клиенттерді қолжетімді байланыс құралдарымен хабардар ету ұсынылды. Кейбір банктерде онлайн-несие қарыз алушының жеке қатысуынсыз қашықтықтан рəсімделеді. Осы мүмкіндікті интернет-алаяқтар өз мақсаттарына тиімді пайдалануда. Қарыз алушылардың алатын қарыздарын рəсімдеу кезінде жеке тұлғаларды сəйкестендіруді міндетті түрде енгізсе біраз алаяқтардың жолдары да қолдары да кесілері даусыз. Сондықтан да əрбір салымшы егерде күдікті СМС немесе таныс емес адамдардан қоңыраулар түскен жағдайда, дереу тұрғылықты полиция органдарына хабарласып, тез арада банктегі өз шоттары мен кредиттік тарихын тексеріп отырулары шарт. Тауарларды интернет арқылы сатып алған кезде тауарларды тек тексерілген сайттардан сатып алуды есте ұстаған жөн. Əрі бұл қос сайт емес, ресми бет екеніне көз жет кізе алыңыз. Көбінесе қылмыскер лер бір-біріне ұқсас сайттар арқылы жұмыс жасайды да ондағы ресурстың сипаттамасын өзгертеді. Банктердің логотиптерін, танымал брендтерді пайдаланады. Егер де сізден тауар үшін алдын ала төлем сұралса, алдын ала төлем шарттарын мұ қият оқып, тексеріп шығу керек. Көп жағдайда алаяқ басқа адамның алаяқ тық жолмен алған жеке куəлігінің фотосуретін жібереді. Егер сіз басқа қалада тұрып тауарға тапсырыс берсеңіз, ағайынтуыстарыңыз дан, таныстарыңыздан ондай тауардың бар-жоғын жəне ұсынылған сипаттамаларға сəйкес келетін келмейтінін тексеруді ұмытпаңыз. Бүгінгі таңда цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін интернет алаяқтың жаңа түрлері мен əдістері пайда бола бастады. Атап айтқанда, интернет арқылы қызмет көрсету жəне сауда жасау, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, салымшылардың жеке деректерін иемдену жəне өзге біреудің атынан онлайн-несие рəсімдеу арқылы жасалатын қылмыстарды көрсеткен жөн. Интернет-алаяқтықтың бел алуының негізгі жəне басты себебі – азаматтардың сенгіштігі. Ондай қылмыстарды ашу жəне тергеуде біршама қиындықтар бар, өйткені қылмыскер үшінші адамдарға тіркелген əртүрлі банк карталары мен карталарды, сондай-ақ əртүрлі абоненттік нөмірлерді тиімді пайдаланды. Өздері тасада тұрып ақша қаражаттарын шешіп алу үшін үшінші адамдарды пайдаланады. Мұндай қылмысты ашу үшін барлық деректерді терең талдау керек. Бұл қосымша білікті адам ресурсын, уақытты талап етеді. Сондықтан да қаламыздың əрбір азаматы сенімсіз, белгісіз адамдардан түрлі хабарламалар түскен жағдайда міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарласулары керек.

Бахытгүл ДЮСЕБАЛИЕВА, Атырау қалалық №2 сотының төрағасы

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...