Алаяқтарға тосқауыл қажет

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары артып барады. Әсіресе ғаламтор мен онлайн қызметтердің артуы елімізде алаяқтық деректерінің артуына ықпал етіп отыр. Сондықтан халыққа сақтық шаралы өте маңызды болып отыр. Осы орайда интернет алаяқтарына жем болмау үшін олардың түрлері мен әдістерін біліп, сақ жүргеннің артықтығы жоқ.

Кез келген адам біліміне, жұмыс саласына, мәртебесіне қарамастан қаржылық алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Бірақ көбіне цифрлық әлемге дайын емес аға буын арамзалардың арбауына тез тап болып жатады. Бұл кездейсоқ емес, өйткені егде жастағы азаматтар сенгіш келеді. Сондықтан бейтаныс адамдар өздерін банк немесе әлеуметтік қызметкер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырса да оларға сөзсіз сенудің қажеті жоқ. Егер қоңырау шалушылар сізге аты-жөніңізді айтып хабарласса және сіздің тұрғылықты мекенжайыңызды білсе, бұл олардың ресми өкілдер екенін білдірмейді. Барлық қажетті деректі түрлі тәсілмен алуға болады, олар интернетте ашық қолжетімді болуы ықтимал.

Ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының толық деректемелерін, соның ішінде картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодын, сондай-ақ код сөзін және ақша қаражатының қалдығын бермеңіз. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, қаржы ұйымдарының Call-орталықтарының операторлары, құқық қорғау органдарының өкілдері ешқашан телефон арқылы дербес деректерді сұрамайды. Егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңіз туралы ақпаратты айтып қойған болсаңыз, картаңызды шұғыл түрде бұғаттап, банктік қосымшадағы жеке кабинеттен, электронды поштадан, әлеуметтік желілердегі аккаунттардан құпия сөздерді өзгертуіңіз керек. Егер алаяқтар сіздің шотыңыздан ақша алып үлгерсе, банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Банк карточканы бұғаттап, жаңасын қайта шығарады.

Кадыркулова Лира Меделкановна,
Алматы облысы Қонаев қаласы

Мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...