Алакөл көлі маңында жер сілкінісі тіркелді

Жетісу облысында Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 8:47-де Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым жерде магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жер сілкінісі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы — 3,7.

Еске салайық, 23 шілдеде де Қазақстанның шығысында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 4 балл күшінде болып, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына сезілді.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.