Alageum Electric компаниялар тобы QAZAQ TILI Endowment Қорына 100 млн теңге жарна аударды

Alageum Electric компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін QAZAQ TILI Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.

Бұған дейін биылғы жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы болып аталған қорға жеке қаражатынан 7 млн. теңге аударды.

“Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Ана  тілі – қазақ  қоғамының  құндылықтарының  айнасы.   “A l a g e u m   E l e c t r i c ”  әрқашан  қазақ  тілін  және  ұлттық  мәдениетімізді  сақтауға  ерекше  назар  бөледі.   Мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын  кеңейту  шараларына  үлес  қосу  –  бұл  біздің  міндетіміз.   Барлық  тіл  жанашырларын  осы  бастамаға  үлес  қосуға  шақырамыз”,   —   деді  “A l a g e u m   E l e c t r i c ”  Компаниялар  тобының  негізін  қалаушы  Сайдолла  Қожабаев.   

Эндаумент қорының басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

Анықтама:

Alageum Electric компаниялар тобы – еліміздегі электротехника саласындағы аса ірі компания. Ол құрамына электротехника, электромашина жасау және құрылыс салаларында сәтті жұмыс істеп жатқан 30-дан аса ірі кәсіпорын мен зауыттарды біріктіреді. Компания өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Компания өнімдері ТМД мен Таяу Шығыс елдеріне экспортталады.

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫЗМЕТ ТІЛІ

Тіл – мемлекеттік басқару мен қоғамдық келісімнің маңызды құралы Кіріспе...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...