12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қайталама нарықтағы үй бағасының өсу рейтингі: Ақтау бірінші орында, Алматы үштікке кірмеді

Krisha.kz сарапшылары бір жыл ішінде тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Қазақстан қалаларының рейтингін жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімінің басына Ақтау шықты, онда қайталама нарықтағы үйлер 41 пайызға қымбаттаған. Бір жыл бұрын 7-8 миллионға сатып алуға болатын пәтер қазір 11 миллионға жетіп отыр. 

Екінші және үшінші орында — Ақтөбе (+35 пайыз) және Қызылорда (+34 пайыз). Бір бөлмелі пәтер бір жылда 2-2,5 миллионға қымбаттады. 

Алматы рейтингте төртінші орын иеленді (+33,7 пайыз). Бір бөлмелі пәтерлер 17 миллионнан 23 миллионға дейін қымбаттады. Екі бөлмелі — 24 миллионнан 32 миллионға дейін. Үш бөлмелі — 31 миллионнан 41 миллионға дейін.

Нұр-Сұлтан рейтингтің ортасынан орын алды. Бір жыл ішінде елордада баға төрттен бірге өсті. Орташа 1 бөлмелі пәтердің құны 13,5 миллион болған, қазір 17 миллионға жуық. 

Екі бөлмелі пәтерлер 20-21 миллионнан 25 миллионға дейін қымбаттады. Үш бөлмелі — 33 миллионнан 36 миллионға дейін.

Петропавл мен Көкшетауда тұрғын үй 15-16 пайызға қымбаттады. Бұл өңірлер бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Қаңтардағы баға өзгерісі

Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, бағаның өсуі әлі де жалғасады. Соңғы айда елдегі тұрғын үйлер орташа есеппен 3 пайызға қымбаттаған. 

Максималды өсім Ақтауда 7,1 пайыз, Шымкент, Павлодар және Ақтөбеде — 3,6 пайыздан 4,5 пайызға дейін.

Ең төменгі өсім — Көкшетау, Қарағанды және Петропавлда (1,4 пайыздан 1,7 пайызға дейін)

Творческая свобода — это инвестиция в будущее

Развитие общества посредством зрелых идей, системной речи и свободного...

Шығармашылық еркіндік – болашаққа салынған инвестиция

Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы...

Артур Ластаев предложил закрепить в Конституции абсолютный приоритет права на жизнь

Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев выступил...

Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық...

Асанов: незащищённые персональные данные – прямая угроза для государства

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Жакып Асанов на первом...