12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі компания «Қазақтелеком» акцияларын Қаржы министрлігіне берді

Қазақстан қаржы нарығындағы «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды. Тізімге сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті компанияның жаңа акционері атанды. Енді комитетке «Қазақтелекомның» 3 084 893 акциясы немесе барлық пакеттің 28,81%-ы тиесілі. Бұрынғы тізімде 2 671 481 акицяның (24,95%) иесі Skyline Investment Company S.A (Люксембург) болған, қазір бұл компания ірі акционерлер қатарында жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігi Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының оператордағы үлесі өзгермеген, яғни 52,03%-ға тең. Осылайша оператордың 80,84%-ы мемлекетке тиесілі. The Bank Of New York Mellon Drs әлі де «Қазақтелекомның 9,77% акциясына иелік етеді. 

Айта кетейік, сәуірде «Қазақтелекомның» 28,8%-ы мемлекет қайтарылатыны белгілі болған еді. Бұл кезде Қазақстан үкіметі сәйкес қаулы қабылдаған. Құжатта «Skyline Investment Company S.A жеке компаниясының «Қазақтелеком» АҚ шартты капиталының 24,95%-на тең 2 671 481 қарапайым акциясын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын» делінген. 

Сонымен қатар «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша респбулика меншігіне акционерлік қоғамның шартты капиталының 3,85%-на тең 413 412 қарапайым акциясын берген еді. 

Еске салайық, 2018 жылы Александр Клебановтың Sobrio Limited ұлыбританиялық компаниясы «Қазақтелекомдағы» 24,47% үлесін Skyline Investment Company S.A компаниясына беру туралы келісімге келген. 2018 жылы Forbes Kazakhstan Alatau Capital Investment компаниясының Қайрат Сатыбалдыға тиесілі екенін мәлімдеген. БАҚ мәліметіне сәйкес, ол Skyline Investment Company S.A компаниясына да иелік етеді. 

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...