Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты тың деректер айтылды

Алматы прокуратурасы Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 1983 жылы 25 желтоқсанда туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады.Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ұсталған Қайрат Құдайберген Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу барысында Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Джумагелдиевпен бірге (лақап аты «Дикий Арман») «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырып, адамдарды 10 адамнан тұратын «торларға» бөліп, оларды топтасу белгісі ретінде қолдарға ақ мата байлауды тапсырған. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство «Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңсыз әрекет күш көрсету және әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын» атап өтті.

Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған Жұмагелдиев тобының мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған болатын.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...