Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметі бойынша, Бекенов өз еркімен қызметінен кеткен.

Қайрат Бекенов автокөлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қадағалаған. Бұл қызметте ол 1,5 жыл жұмыс істеді.

Осылайша, қазір облыс басшысының екі орынбасары қалды. Бұған дейін облыс әкімінің екі орынбасары жұмыстан қысқартылған болатын. 

Еске салайық, Қайрат Бекенов 2020 жылдың 15 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...