12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Айдын Бағдатұлы: «ҒЫЛЫМ МЕН СПОРТ-ЕГІЗ ҰҒЫМ…»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда өткен XIX жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдау кезінде спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында болатынын айтты. Жыл сайын спортты дамыту үшін қомақты қаржы бөлінеді. Алайда, Президенттің пікірінше, еліміздің кәсіби спорттағы көрсеткіштері аса жоғары деңгейде емес. нәтижеміз мемлекеттен бөлініп жатқан қаражаттың барынша тиімді жұмсалмайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. «Спорт саласына түбегейлі өзгерістер, яғни реформа қажет. Тиісті министрлік осы мәселені жан-жақты қарап, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсынуы керек» — деді. Осы орайда Қазақ спорт және туризм академиясы, Ұлттық спорт түрлері және күрес кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Дошыбеков Айдын Бағдатұлымен сұхбаттасып сала мәселелерін талқылап көрген едік.

Жоғары жетістіктер спорты мен балалар спортының байланысын айтып өтсеңіз?

— Балалар мен жасөспірімдер спорты-бұл үлкен әлеуметтік маңызы бар қазіргі заманғы спорттың ажырамас бөлігі. Дәл балалық шақта жалпы және арнайы дене шынықтырудың негізін қалау және қалыптастыру жүреді. Спорттық дайындық пен балалар мен жасөспірімдер спортын жалпы спорт жүйесінің негізі деп атауға болады. Мұндай «іргетассыз» — қазіргі заманның сын — тегеуріндеріне төзімді және берік «үй» — кәсіби спорт пен жоғары жетістіктер спортын салу мүмкін емес. Біздің еліміздің басшысы осы саланың маңыздылығын да, спорттың аталған негізін дамытуға кедергі келтіретін мәселелердің тереңдігін түсінетіні қуантады. Шетелде жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесі спорттық ізбасарларды даярлау жүйесіне сүйенеді, оның негізі тиімді ұйымдастырушылық құрылым (БЖДДК, БЖСМ, ОРМБЖСМ, ОРК, ЖСШМ) болып табылады. Мұнда басты рөлді қосымша білім беру жүйесіндегі спорт мектептері атқарады. Бұл ретте саланы одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан үшін Норвегия, Қытай, Ұлыбритания, Австралияның ғылыми-әдістемелік, талдамалық, оқу және медициналық сүйемелдеумен қамтамасыз ететін тәжірибесін зерттеу қажет. Менің ойымша осы саладағы басшылар мен қызметкерлер, жаттықтырушылар спортты ғылыми тұрғыда зерттеп, жоспарлы түрде жұмыс жасамаса артта қаламыз. Жоғары жетістіктер спортының негізгі іргетасы, ізбасарлар балалар мен жасөспірімдер спортын қазірден қолға алуымыз қажет.

— Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан спортқа қандай жағдайлар жасалынған?

— Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назарда. Барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс» -деп анықтаған.

Қазақстанның «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында негізгі қағидаттар көрсетілген: халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі, сабақтастығы; халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын жоғары жетiстiкті спорттың басымдығы» қарастырылған.

Қазіргі уақытта жүргізілген талдауға сәйкес, 19 млн адамнан асатын ел бойынша спорт залдарға жалпы қажеттілік 1581200,3 шаршы метрді құрайды, нақты бары – 1132771,9 шаршы метр. Осылайша, тапшылық 448428,4 шаршы метрден асады.

2021 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының арқасында мыңдаған қазақстандық балалар спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік алды. Осы бағдарлама бойынша бүгінгі таңда 7500-ге жуық секция бар, Оларда 500 мыңнан астам бала спортпен және шығармашылықпен айналысады екен.

  • Денсаулық кілті спорт дегенді айтқыңыз келіп отыр ғой

Әрине, Тәрбие, білім беру және сауықтыру — өскелең жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеттері болып табылады. Аталған мәселелерді тиімді шешу, өсіп келе жатқан ағзаның барлық жүйелерінің оңтайлы дамуын анықтайды, ал бұл өз кезегінде болашақта табысты іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Балалар мен жасөспірімден жаттықтырушыларына көңіліңіз тола ма?

-Шынымды айтсам сауатты жаттықтырушылар жетіспейді, спорттағы бәсекеге төтеп беруіміз үшін-білім, ғылымға бас бұруымыз қажет. Көптеген ғылыми және әдістемелік еңбектерде спорттық даярлау барысында педагогикалық, жаттықтырушылық әдістерді қолдану өсіп келе жатқан ағзаның жас ерекшеліктеріне негізделе жоспарланып жүргізілу қажет.

Мұғалім және жаттықтырушы іс-әрекетінің негізгі қағидаты ретінде, биологиялық, жас кезеңдері дамуының және спортшының жасын, жынысын, жеке дамуын ескере отырып, спорттық даярлаудың құралдары, әдістері мен түрлері жүйесінің үйлесімді бірлігі алынады. Мұндай мәселе балалар мен жастардың қабілеттерін дамытуды басқарудың негізгі мәселелерінің бірін шешуге мүмкіндік береді, яғни оған оңтайлы жағдайға ішкі және сыртқы факторлардың сәйкестігі жағдайында қол жеткізуге болады, бұл ретте өскелең жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесінде бірлестік пен өзара әрекеттестікті құру талап етіледі.

Балалармен, жасөспірімдермен жұмыс істейтін спорт жаттықтырушысы педагогика, физиология, психология және басқа да ғылыми пәндер бойынша ауқымды білімді меңгеруі қажет.

Болашақ чемпиондарды табудың белгілі бір критериі бар ма? 

-Мысалы-Қытайда балалар арасындағы бұқаралық спорт спорттық резервтің негізі болып табылады. Қытайдағы жалпы білім беретін орта мектептерде спорт дене шынықтыру сабақтарында оқушылар игеретін бейінді спорт пәнін таңдау арқылы жүзеге асады. Ең дарынды оқушылар қатаң іріктеуден кейін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне түсе алады.

Жаттықтырушылардың ақысын, жабдықтарды, тамақтануды, тұруды, мектепте оқуды және басқаларды қоса алғанда, оқытуға, даярлауға жұмсалатын барлық шығыстарды мемлекет өз мойнына алады. Қытайдың спортшыларды даярлау жүйесі әлемде теңдесі жоқ дайындық үрдісін медициналық қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Оның тиімділігі спорттық медицинаның салалық жүйесінің болуымен және қытай медицинасының дәстүрлі емес құралдар мен әдістерді кеңінен қолдануымен түсіндіріледі. Қытайлық спортшыларды арнайы тамақтану аясында дайындау үрдісі, дәрі-дәрмектер мен қалпына келтіру рәсімдерін кеңінен қолдану, қалпына келтіру және бейімделу үрдістерінің тиімді жүруі, шамадан тыс жүктеменің алдын-алу – мұның бәрі әлемдік ғылымның жетістіктері мен Қытай халық медицинасының әлеуетін ескере отырып қолданылады. Міне бізде де осы мәселерді шешу керек. Ғылыми және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін күнделікті практикаға уақтылы енгізу отыру қажет.

Жалпы Спорттық даярлаудың бастапқы кезеңінде ең алдымен, спорттың түріне қарамастан жалпы спорттық дарындылықты бағалау мәселелері шешіледі. Спорттық дарындылықты дамытудың кез-келген деңгейі спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Алайда, олимпиадалық медальді жалпы және арнайы спорттық дарындылығы бойынша жоғары көрсеткіштері бар спортшылар ғана иеленеді.

Тағы да ғылым жайлы-Соңғы онжылдықта Қытай Халық Республикасында ғылыми мекемелердің үлкен желісі құрылған, оған спорт ғылымын дамытумен, өзекті мәселелерді әзірлеумен, олимпиадалық спортты ғылыми-әдістемелік, медициналық және ақпараттық қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді іске асыру жүктелген. Бұл мекемелердің негізгілері: Қытай спорт ғылымы институты, Қытай спорттық ақпарат орталығы, Қытай спорттық медицина институты, Пекин спорт университетінің Спорт ғылымы институты, провинциялық және муниципалдық институттар желісі.

Қазіргі жаттықтыру үрдісі қалай жүріп жатыр деп ойлайсыз?

-Мен өзім еңбек жолымды мектепте дене шынықтыру мұғалімінен бастап, белгілі спорт колледжінде жаттықтырушы да болдым. Сол кездегі түйгенім, негізссіз, мақсатсыз, спорт түрлерінен бет албатты оқу-жаттығу жиындары көбейген, оның да себебі бар шығар…. менің ойымша әр оқу-жаттығу жиынының мақсатты жылдық жоспармен ұйымдастырылуы керек, негізгі жарыстардың кестесі негізінде құру қажет. Академияда кафедра меңгерушісі ретінде жасөспірім спортшылардың жарыс, оқу-жаттығу жиындарына сұраныс хаттарынан байқағаным облыстық жаттықтырушылары мақсатсыз жарыстар мен жиындарға апаратындығы. Спортшының ағзасы мен әлеуметтік жағдайын ескерілмейді.

Оқу-жаттықтыру үрдісі спортшының жасына, сабақты ұйымдастыру әдістері мен жолдарын меңгеруге сәйкес жаттығу жүктемелерінің технологиясы саласындағы білімді, жас спортшының жай-күйін бағалау мен педагогикалық әсерлердің мазмұнына түзетулер енгізу біліктіліктерін талап етеді.

Ол үшін тек оқу-жаттығу сабақтары барысында ғана емес, сонымен қатар күн тәртібінің, тамақтанудың, қалпына келтірудің негізгі талаптарын сақтай отырып, алдын-ала дайындалады.

Әлеуметтік жағдайы спорттағы жетістігіне әсері бар дейсіз ғой?

Әрине, Балалар және жасөспірімдердің заманауи спорты келесідей өте қатаң өзара байланысқа негізделген: жаттықтырушы-жас спортшы-отбасы. Мұндай бірлестік спортта үлкен жетістіктер мен жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Тағы бір мәселе, БЖСМ жаттықтырушылары спортшыларды тәрбиелеп, жетістіктерге жеткізу оңай шаруа емес, жоғары жетістіктер спортының бастамасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болса, ондағы жалақы жалпы білім беретін мектептердің жалақысының 50 пайызын құрайды. БЖСМ жаттықтырушылары сол себепті спорт мектептерін тастап дене шынықтыру мұғалімі қызметіне ауысып кеткен. Көбісі спорт мектептерінде жарты жүктемеде жұмыс жасайды, сол себептен нәтижеге жетпейтіні анық. Осы мәселені басшылар қарастырғаны жөн болар.

Тағы айта кететіні еліміздің спорт түрлері федерацияларының жұмысын жандандыру қажет деп санаймын.

Сіз академияда 16 жылдан астам жұмыс жасаған екенсіз, мамандар даярлауға, спорт ғылымына мемлекет тарапынан жағдай жасалған ба?

-Дене шынықтыру және спорт саласында бәсекеге қабілетті болу үшін, академияда болашақ мамандарды кәсіби түрде даярлау ісі жолға қойылған. Академияның Спорттық «Гарвард-2044» стратегиясы негізінде жұмыс атқарып жатырмыз. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстары, «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас постдокторант ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурстары, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар, «Үздік ғылыми қызметкер», «Болашақ» бағдарламалары осы жасалып жатқан шаралар оқытушылар мен ғалымдарға серпіліс береді деген ойдамы. Мысалы, біз былтыр 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде «Олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне еңгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» атты жоба ұтып алып осы салада  ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарудамыз. Сол сияқты «Болашақ» бағдарламасы аясында жаттықтырушылар арналған ғылыми тағлымдамалар бар. Сол арқылы Әлемнің ғылым, білім саласындағы озық үлгілерін үйрену қажет деп санаймын. Ғылым, білім-спортты қатар ұстағанда ғана нәтижеміз алға басады.

Туризмге тың серпін: Қарағанды облысындағы Семізбұғы көлінде демалыс аймағы мен шипажай салу жоспарлануда

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінің жағасында жаңа...

Новая точка туризма: зона отдыха и санаторий должны появиться на озере Семызбугы в Карагандинской области

На озере Семызбугы в Бухар-Жырауском районе Карагандинской области планируют...

Кассациялық соттар – халық қалауы

1 шілдеден бастап Қазақстанда үш дербес кассациялық соттар жұмысына...